Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші Парламентаралық форумы өтіп жатыр

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2023
  • 910

Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші Парламентаралық форумы өтіп жатыр. Ауқымды іс-шараға аймақтағы елдер Парламент Палаталарының делегациялары қатысуда. Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынасты әрі қарай нығайту үшін осындай кездесулердің маңызы зор екенін айтты. Палата Спикері аймақтағы елдердің Мемлекет басшыларының байланысы жоғары деңгейде екенін де тілге тиек етті. Сондай-ақ өзара ынтымақтастықты жан-жақты және белсенді дамытуға Парламент өкілдері де өз үлестерін қосуы керек деді. Форумның қорытындысы бойынша Түркістан декларациясы қабылданады.

Қ. Мерей