Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда экологиялық-биологиялық орталықтағы хайуанаттар бағы бұғымен толықты

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2023
  • 860

Орал қаласындағы экологиялық-биологиялық орталықтағы хайуанаттар бағы жаңа жануармен толықты. Екі жастағы теңбіл бұғы орталыққа Казталов ауданынан​ жеткізіліпті. Жабайы жануар бір ай ауылдағы жеке шаруаның даладағы малына қосылыпты. Жайылымнан сиырға ілесіп келген бұғыны тұрғындар қамап қойған. Кейін ветеринарларға хабарласыпты. Мамандар түрлі жұқпалы ауруларға сынама алып тексерген соң, маралды зообаққа жеткізу керек деп шешкен. Өйткені теңбіл бұғы табиғи жағдайда Батыс Қазақстан облысында кездеспейді. Тек Қазақстанның шығысындағы орманды-таулы жерде ​тіршілік етеді. Осылайша бұғының орман, тауы жоқ жазық далаға қайдан келгені жұмбақ боп қалды.