Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек жөнелтті

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2023
  • 958

Қазақстан Сирияға азық-түлік, киім-кешек және төсек-орын жабдықтарынан тұратын гуманитарлық көмек жіберді.

ҚР ТЖМ таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына мемлекеттік материалдық резервтен 50 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жіберілді.

"Гуманитарлық жүктердің құрамына консервілер, жылы киімдер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары кірді. Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша, азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы арқылы Алеппо қаласына төрт рейспен жіберіледі", - деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.