Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның Халықаралық Түріксой ұйымының өкілдері Түркияның Хатай қаласына барды

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2023
  • 1552

Халықаралық Түріксой ұйымы Түркияның Хатай қаласына барды. Ондағы зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, көмектесуде. Халықаралық ұйым өкілі Бақытжан Омардың сөзінше, апаттан зардап шеккен тұрғындарға ас-ауқаттан бұрын жатақ-жайларға қажетті жастық, көрпе мен киім кешек аса қажет.

Бақытжан ОМАР, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРІКСОЙ ҰЙЫМЫНДАҒЫ ӨКІЛІ:

Біз дәл қазір халықаралық Түріксой ұйымының еріктілері Хатай қаласының орталығында орналасқан, гуманитарлық көмектер келіп жатқан қоймадамыз. Кешеден бері осындамыз. Дүниенің әр бұрышынан, Түркияның төрт бұрышынан көмектер ағылып жатыр. Әсіресе тамақтар көп келіп жатыр. Жерігілікті билік мұның қажеттілігі жоқ деуде. Өйткені тамақ 24 сағат, ыстық сорпа, ысық шәйдің барлығы беріліп жатыр. Аса қатты қажет заттар ол көрпе, жастық, балалар және ересектер мен әйелдердің киімдері. Сондай-ақ, power Bank сияқты аса мұқтаждық бар. Қалада жалпы электр жарығы жоқ. Қалада телефон байланысы да жоқ.Интернет те жоқ. Тек белігілі бір жерлерде ұстайды. Халық қазір далаға түнеуге мәжбүр. Міне әр ұйымдар барынша көмектесіп жатыр. Мына менің артымда тұрған Түрік қызыл ұйымы. Жергілікті тұрғындарға шатыр тіккен. Бұл жерде барлығы отбасыларымен, міне қарасаңыздар балалар ана жерде доп теуіп ойнап жүр. Жалпы қаладағы ахуал сол қалпы. Ешнәрсе өзгерген жоқ, сол қалпы. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Қалаға шыға берісте, кіре берісте 40 шақырымдай көлік кептелісі бар. Кеше біз кіреберісте 4-5 сағат тұрып әрең жеткен жайымыз бар. Сондықтан билік өкілдері, көмектескісі келетіндері жақсы әрине бірақ адам саны да жеткілікті деп тұрғындарға хабарлама беріп жатыр. Себебі көлік кептелеісінен бұл жаққа аса қажетті заттар жете алмай жатыр.

Б. Сатуов