Жастар
елдің қарыштап дамуына үлес қосуға дайын. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының
хатшысы Фархад Қуанғанов Алматы облысындағы «Жастар -Отанға!» жастар саяси
лагерінің қатысушыларымен кездесуінде
айтты. Аталған жастар саяси лагері Елбасының тапсырмасымен жылда
республикадағы белсенді жастардың басын қосады. Бұл жолы 250 жас саяси лагерь алаңына жиналып, бірқатар мәселелер бойынша бірнеше жобаларды талқылады.
Олардың қатарында жастарды жұмыспен қамту, бос уақытты тиімді өткізу және
жастар кәсіпкерлігін қолдау бар. Партия хатшысының айтуынша, белсенді жастардың
ұсынған жаңа тың идеялары Қазақстанның қарқынды дамуына септігін тигізеді.
Сондықтан партия ұжымы өз кезегінде бастамашыл жастарға барынша қолдау
білдіретіндерін жеткізді. Айта кетейік, «Жастар Отанға!» партиялық жобасы
аясында жастарға арналған жазғы саяси лагері 2009 жылдан бері өткізіліп келеді.
Негізгі мақсат - жастар арасында патриотизмді қалыптастыру мен ұлттық
құндылықтарды насихаттау.
Фархад
Қуанғанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:
Жастармен
сөйлескен кезде олардың жеке өмірге, қоғамға
деген көзқарасын байқадық. Олар ел әлеуетін әрі қарай арттырудағы өз
ойларымен бөлісті. Жастардың бұл қадамы менің көңілімнен шықты. Жастар жастарды
жұмыспен қамту туралы ұсыныстарын айтты. Барлығын біз ескеретін боламыз.
Дәулет
Ауданбаев, «Жастар -Отанға!» жастар саяси лагерінің қатысушысы:
Жастар
тарапынан қойылған сауалдардың барлығы өз деңгейінде қойылып, нақты жауап берілді.
Болашақта нұротандықтар мен жасотандықтар әрдайым бірге екендігін дәлелдеп, осындай шараларды бірге атқару жөніндегі үлкен келісімге қол жеткізіп, қуанышпен
тарасты деп ойлаймын.
Айгүл ЕРМАХАН