Қазақстандықтар Құрбан айт
мерекесінде үш күн қатарынан демалады. Бұл туралы электронды үкімет порталында
көрсетілген. Мұсылмандар үшін ұлық мереке қыркүйектің 12-сінен басталып, үш
күнге созылады. Бірақ дүйсенбі ғана демалыс болып бекітілген. Осылайша, халық, сенбі, жексенбіні қоса есептегенде, үш күн қатарынан демалады. Бұл күні жағдайы
жеткен мұсылмандар құрбандыққа мал шалып, бір-бірлеріне айттайды.