Өткен бір тәулікте коронавирус инфекциясы 46 адамнан анықталды, коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдыққандар жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
12 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде коронавирустан 1 647 адам (коронавирус (КВИ+)–1 485, пневмония (КВИ-) – 162) емделіп жатыр. Олардың ішінде 137 пациент стационарда, 1 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 6 адамның жағдайы ауыр,
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Айта кетейік, 11 ақпандағы тәулік ішінде коронавирус - 93, пневмония 4 адамнан анықталған еді.