Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісу облысында екі жігіт пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2023
  • 2202

Жетісу облысында екі құрдасын пышақтап өлтірмек болды деген күдікпен 17 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Астана телеарнасы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«10 ақпан күні 17 және 8 жастағы екі жергілікті тұрғын пышақ жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылды. Жәбірленушілерді 17 жастағы танысы жарақаттағаны анықталды.

Күдікті ұсталды және қамауға алынды. Фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы және 99-бабына сәйкес («Адам өлтіруге оқталу») жүргізіліп жатыр», - делінген полиция мәліметінде.