Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздің 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2023
  • 1197

Қазгидромет РМК бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болып, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.