Русский Сайттың толық нұсқасы

17,7 мың отбасы өткен жылы неке бұзды – ұлттық статистика

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2023
  • 2267

2022 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстанда 128,5 мың жұп шаңырақ көтерсе, 17,7 мың отбасы ажырасқан. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлімдеді.

Өткен бір жылда 128,5 мың неке тіркелді. 2021 жылдың 12 айымен салыстырғанда заңды некеге тұрғандар саны 8,4% азайған.Неке коэффициенті 1000 адамға 6,46 құрады.

Сондай-ақ 17,7 мың жұп ажырасқан (соттың некені бұзу туралы шешімдерін есепке алмағандағы АХАТ органдарының деректері бойынша). Бұл 2021 жылғы деңгейден 8,1% төмен. Ажырасу коэффициенті 1000 адамға 0,89 құрады.