Русский Сайттың толық нұсқасы

ЕО Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге қосымша қолдау көрсетеді

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2023
  • 1026

Жексенбі күні Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Еурокомиссия баспасөз қызметі атап өткендей, Урсула фон дер Ляйен жақында болған жер сілкінісіне байланысты Еуропалық Одаққа көңіл айтып, Еуроодақтың Түркияны қолдау қадамдарын талқылады.

«Еуропалық комиссия әуелден түрік халқының жағында болды, жойқын жер сілкінісінен кейін өте тез жан-жақты қолдау көрсетті», - делінген Еурокомиссия мәлімдемесінде.

ЕО қазірдің өзінде азаматтық қорғау механизмі арқылы Түркияға айтарлықтай қолдау көрсетті: ЕО-ға мүше 21 мемлекет және ЕО-ның азаматтық қорғау механизміне (UCPM) қатысушы үш мемлекет 1651 адамнан және 106 іздестіру-құтқару иттерінен тұратын 38 әрекет ету тобын жіберді. ЕО-ға мүше он екі мемлекет паналау заттарын ұсынды (50 мың отбасылық қысқы шатыр, 100 мың көрпе және 50 мың жылытқыш). Еуропалық комиссияның төтенше жағдайларды жою жөніндегі үйлестіру орталығы RescEU резервінен 500 тұрғын үй ұйымдастырылды, сондай-ақ Румыния 2 мың шатыр мен 8 мың төсек-орын орналастырды.

Дағдарысты басқару жөніндегі еурокомиссар Янез Ленарчич Газиантеп қаласына (Түркияның оңтүстік-шығысы) барды.

Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен Түркия президенті Режеп Ердоғанға ЕО атқарушы органы қосымша қолдау жұмылдыратынын және Түркияның шатырлар, көрпелер, жылытқыштар беру туралы өтінішіне жауап беретінін хабарлады.

Жедел көмек көрсетуден басқа, ЕК президенті Урсула фон дер Ляйен Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссонмен бірлесіп Түркия мен Сирия халқын қолдау мақсатында халықаралық қауымдастық қаражатын жұмылдыру үшін донорлық конференция өткізеді.

Конференция түрік билігімен үйлестіріліп, наурыз айында Брюссель қаласында өтеді.