Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда тоғызыншы сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкелді: үш бала зардап шекті

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2023
  • 1328

2023 жылдың 13 ақпанында Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке сөмкесіне балта мен пышақ тығып әкелген. Қала әкімдігінің мәліметінше, үш бала жараланған.

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін таңертең Петропавлдағы №4 орта мектепте сағат 07.50 минут кеткенде болған. Осы оқу ордасының 9-сынып оқушысы сөмкесіне тығып, өзімен бірге ас үйде қолданылатын балта мен пышақты ала келген.

Ол 3 оқушыны жарақаттады. Қазір екі бала облыстық балалар ауруханасында жатыр. Олар басынан және иығынан жарақат алған. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

Қазіргі уақытта №4 орта мектепте полицияның тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Ресми емес ақпаратқа сүйенсек, мектепке қаруланып келген бала психиатриялық есепте тұр.

Ал мектепте мамандандырылған күзет қызметі болмаған.