Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Түркияға 75 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2023
  • 1537

Қазақстан зілзаладан зардап шеккендер үшін 150 тонна гуманитарлық көмек жинап, соның жартысын Түркияға жөнелтті. Сондай-ақ 32 миллион теңге тікелей АФАД қорына аударылды. Еліміздің барлық өңірлерінде қажетті заттарды қабылдайтын және сұрыптайтын пункттер ашылған. Жиналған заттар автокөлікпен Түркия Республикасының елшіліктері мен консулдықтарына жеткізіледі. Барлық жұмыс Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп жүргізілуде.

А. Базарбай