Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде ТЖМ-нің жаңа әскери бөлімі құрылады

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2023
  • 2196

Үкімет "Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы" қаулы қабылдады, деп хабарлайды Экспресс К.

Құжатқа сәйкес, Қазақстанда ТЖМ-нің жаңа әскери бөлімі құрылады.Ол Ақтөбе қаласында орналасады. Жаңа бөлімнің штаты — 880 адам болады. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

Республика бойынша ТЖМ-нің Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарында үш әскери бөлімі бар. Батыс аймақта көлемді құтқару құрылымдары жоқ,-делінген құжат мәтінінде.

Бұдан басқа, ТЖМ қызметтерінің штат саны, атап айтқанда, өрт сөндіру бөлімшелері 380 адамға, құтқару станциялары 220 адамға, Апаттар медицинасы орталығы 94 адамға, "Қазселденқорғау" мекемесі 39 адамға көбеюде.

Жалпы ТЖМ қатары 1 613 адаммен толықты.

"Осы шаралардың барлығы төтенше жағдайлар бойынша жедел әрекет ету деңгейін, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізудің тиімділігін, елдің өрт қауіпсіздігін, шұғыл медициналық көмек көрсетуді, сондай-ақ азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері мен селден қорғау құрылыстарының толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді", — деді Әлихан Смайылов.