Қазақстандықтар Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге үш миллион долларға жуық қаржы жинады. Бұл туралы Түркия Республикасының елшілігі хабарлады.
Елшілік көрсетілген көмек үшін Қазақстанға алғыс білдірді.
"Қазақстанда кейінгі 3 күнде жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жиналған бір миллион доллардан астам қаражат AFAD-тың ресми шотына аударылды. Осылайша қайырымдылықтан жиналған жалпы сома 2,8 миллион доллар болды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Қазақстан Түркияға 28 генератор жіберді.
Бір ғана Астанадан 8 тонна гуманитарлық көмек жеткізілген.