Русский Сайттың толық нұсқасы

Тоқаев құтқарушыларды сапалы даярлауға ерекше назар аудару қажет екенін айтты

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2023
  • 1115

14 ақпан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы курсанттары алдында сөйлеген сөзінде Үкімет Академияның материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелерін пысықтап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушы болу – қиын әрі қатерлі жұмыс. Шын мәнінде, бұл – нағыз ержүрек азаматтардың кәсібі" деген Президент төтенше жағдай мамандары жұмыс барысында талай рет ерлік көрсеткенін, оның қатарында Академияның түлегі Асқар Забикулин де бар екенін тілге тиек етті.

"Ер есімі – ел есінде". Батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмауға тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ азаматтық қорғау жүйесі үнемі жаңғыртуды қажет ететінін айтты.

"Бүгінде озық әлемдік тәжірибені үлгі ету, заманауи технологияларды енгізу өте маңызды. Құтқарушыларды сапалы даярлауға ерекше назар аудару қажет. Бұл мәселеде, әрине, командирлер мен оқытушылар негізгі рөл атқарады. Осы ретте оқу жағдайы үлкен маңызға ие", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.