Русский Сайттың толық нұсқасы

Құтқарушылардың еңбекақысы 10-нан 70 пайызға дейін көтеріледі

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2023
  • 2043

Президенттің тапсырмасына сәйкес биылдан бастап құтқарушылардың еңбекақысы 10-нан 70 пайызға дейін көтеріледі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысы М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында айтылды, деп хабарлайды  Ақорданың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Азаматтық қорғау академиясы – төтенше жағдайлардан қорғау саласы бойынша маман даярлайтын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны.

Соңғы уақытта 569 курсант күндізгі бөлімде, 161 курсант қашықтан оқу бөлімінде білім алып жатыр. Сондай-ақ 168 курсант шетелдік салалық жоғары оқу орындарында оқиды.

Академия жыл сайын 150-ден астам офицер даярлап шығарады.

Осыған дейін Мемлекет басшысының жұмыс сапарымен Ақмола облсына барғанын жаздық.

Ақмола облысында Мемлекет басшысы Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына барды.

Сондай-ақ Президен Үкіметке Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде тапсырма берді.