Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы: Бір балаға аударылатын қаражат сомасы қанша?

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2023
  • 1199

Ұлттық қор кірісінің тура жартысы 18 жасқа дейінгі балаларға бөлінеді. Бұл туралы бүгін қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты. Алдын ала есептеулер бойынша, әр балаға туғаннан бастап жыл сайын 150-160 АҚШ доллары көлемінде, яғни, 1 жылда 67 мың мен 72 мың теңге шамасында 18 рет төлем түседі. Бала жинақтарының болжамды сомасы шамамен - 1 жарым миллион теңге. 18 жасқа толғанға дейін ақша Ұлттық қорда қалады және инвестицияланады. Жоба операторы ретінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы таңдалды. Вице-министрдің айтуынша, осы жылдың қаржысы балалардың есеп шотына 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап түсе бастайды.

Дәурен ТЕМІРБЕКОВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Бала өмірге келген кезде шоттар Әділет министрлігінің жеке тұлғалар дерекқорының ақпараты негізінде автоматты түрде ашылады. Жыл сайын 1 қаңтарда бала 18 жасқа толғанға дейін шоттарға қаражатты шартты түрде есептеу жүргізілетін болады. Жобаға Қазақстан Республикасының азаматы саналатын балалар қатысады. Сондай-ақ, бұл шот қаражатын салық салудан босату ұсынылды.

А. Базарбай