Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысында республикалық тас жолдың бір бөлігі жабылды

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2023
  • 1118

"Самара - Шымкент" республикалық тас жолының Қызылорда облысындағы учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қызылорда өңірінде ауа райының қолайсыздығына орай Самара-Шымкент тасжолының 1563-1702 шақырымдары аралығындағы Төретам ауылынан Жалағаш ауылына дейінгі жол бөлігінде көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген "Қазавтожол" ҰК" АҚ хабарламасында.