Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда жоғалып кеткен оқушы қыз бес күннен кейін аман-есен табылды

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2023
  • 1119

Орал қаласында жоғалып кеткен оқушы қыз бес күннен кейін аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

14 жастағы жасөспірім 10 ақпан күні шамамен сағат 22.00-де үйінен шығып кеткеннен кейін оралмаған еді.

Зарина Нығметова қаладағы №34 орта мектепте оқиды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, іздестіру іс-шаралары барысында қыз 15 ақпан күні сағат 18.00-де табылды.

«Ол Зачаган кенті Сарытау шағын ауданындағы достарының үйінде болған. Аман-сау», - деп хабарлады ведомстводан.