Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздің 9 өңірінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2023
  • 1024

"Қазгидромет" бүгін, 16 ақпанда республиканың тоғыз өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады.

Атырау облысында қалың қар жауады, жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысында да қалың қар жауады. Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Жетісу облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде 15-20, Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Маңғыстау облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында 15-18 м/с-ке жетеді.

Павлодар облысында тұман болады.

Қарағанды облысында да тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні - 18 м/с.

Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.