Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда сегіз жасар баланы ит қауып алды

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2023
  • 1317

Атырауда сегіз жасар баланы ит қауып алды. Куәгерлердің айтуынша, қала маңындағы ауылдардың бірінде сабақтан шығып келе жатқан сәтте бірнеше ит бас салып талаған. Мектеп күзетшісі арашалап қалыпты. Облыстық балалар ауруханасына түскен кезде бала травматикалық шок жағдайында болған. Ол бірден жан сақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. Оның басы мен аяғы жараланған. Айта кетейік, ит және өзге жануарларға қабылу дерегі көбейіп тұр. 2021 жылы 398 , 2022 жылы 463 жағдай, ал жыл басынан бері 35 жағдай тіркелген, басым бөлігі - ит қапқандар.