Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жамбыл ГРЭС-нің» 50 пайыз акциясы «Тараз Энерго-2005» серіктестігіне сатылды

  • AstanaTV
  • 30 наурыз 2016
  • 2056

«Жамбыл ГРЭС-нің» 50 пайыз акциясы «Тараз Энерго-2005» серіктестігіне сатылды. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның бизнестің трансформациясы бойынша басқарушы директоры Алексей Огай «Астана» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Алексей Огай, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарушы директоры:

Бірінші бағдарлама аясында «Самұрық-Энерго» компаниясына тиесілі «Жамбыл ГРЭС»-інің 50 пайызы сатылды. Одан басқа нысандар әлі сатылған жоқ.

Жамбыл ГРЭС-інің жекешеліндіруге түскенін компания өкілдері де растады. Олар кәсіпорынның негізгі жұмыс бағыты бұрынғы күйінде қалғанын және жұмыс орындары қысқармағанын айтып өтті. Қазір мекемеде 600-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр. Жамбыл ГРЭС-і кезінде химиялық өнеркәсіпті электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін құрылған болатын.

Мекеме осымен екінші рет жекенің қолына өтіп отыр. Әуелі 1996 жылы энергетикалық саланы қайта ұйымдастыру және мемлекеттендіруге арналған бағдарлама бойынша жекешеленген болатын. Бүгінде "Жамбыл ГРЭС"  - «Самұрық-Энерго» холдингіне кіреді. Электростанцияның жобалық қуаты 1230 МВт. Оңтүстіктегі электр энергиясының тапшылығын азайтуда алдыңғы қатардағы кәсіпорын.

Рашид Раджамов, Т. Батуров атындағы «Жамбыл ГРЭС»  АҚ бас директорының кеңесшісі:

«Жамбыл ГРЭС»-інің 50 пайыз активі "Тараз Энерго 2005" серіктестігіне сатылған. Қашан және қандай шартпен сатылғанын айта алмаймыз. Ол жайында «Самұрық-Энерго» біледі. Жұмыс жүйемізде ешқандай шикілік болған жоқ. Сатылу себебін қандайда бір проблема мен байланыстыруға болмайды. Бұл Үкіметтің бағдарламасы бойынша жүзеге асты. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ