Жергілікті
полиция қызметін дамыту Үкімет басшысының назарында. Бүгін Премьер-министр
Кәрім Мәсімов Астанадағы жергілікті
полиция қызметінің бірқатар нысандарын аралады. «Қауіпсіз қала» жобасы
аясындағы жаңа технологиялармен танысты. Үкімет басшысына Елорда тіршілігін
кешенді қамтамасыз ету жүйесінің мүмкіндігі көрсетілді.
Премьердің
төрағалығымен өткен кеңесте ведомство басшысы Қалмұхамбет Қасымов қоғамдық
қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етудің жаңа жүйесіне тоқталды. Ішкі істер
саласындағы мұндай жаңғырту шаралары атқарушы органдармен және тұрғындармен
серіктесе жұмыс істеуді көздейді. Негізгі бағыт - полиция жұмысының тиімділігі
мен ашықтығын арттыру.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА