Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбелік полицейлер боранда жолда қалған 30-дан астам жолаушыны құтқарды

Ақтөбе облысында полицейлер екі автобус адамды құтқарды. Боранда көліктері бұзылып, жолда қалған отыздан астам жолаушы дер кезінде жылы орынға жеткізілді. Құтқарылғандардың арасында үш бала бар. Тәжікстан елінен Ресейге бет алған екі шағын автобус «Қарабұтақ-Комсомол» тас жолының 33 шақырымында бұзылып қалған. Қозғалтқышы істен шыққан көлікте 33 адам болған. Арасында төрт әйел және үш кішкентай бала бар. Жол жиегінде тұрған автобустарды патрульдік полицейлер байқап, дер кезінде көмектесті.

Ерболат САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Келген патрульдік полиция ротасы қызметкерлері сынған автокөлікті Қарабұтақ елді мекеніне апаруға көмектескен. Сонымен қатар жолда қалған жолаушыларды басқа автокөліктерге тиеп мінгізіп сол елдімекенге апарып мешіттің ішіне жатқызған.