Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі қылмысы үшін іздеуде жүрген күдіктіні ұстады. 30 жастағы азамат Байзақ ауданынан табылды.
"Күдіктіге 2022 жылдың 2 желтоқсанында іздеу жарияланған болатын. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Яғни, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген", – деді Әлім Бажықбаев.
Еске сала кетейік, жуырда Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласында қылмыс жасаған іздеудегі күдіктілердің тізімін БАҚ-қа жариялаған болатын.