Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркияда жойқын жер сілкінісінен қаза тапқан адамдар саны 40 мыңнан асты

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2023
  • 1151

Түркияда жойқын жер сілкінісі кезінде қаза тапқан саны 40 642 адамға жетті. Бұл туралы Анкарада өткен брифингте Түркия үкіметі жанындағы табиғи апаттармен және төтенше жағдайлармен күрес департаментінің (AFAD) басшысы Юнус Сезер мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, апат аймағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарын жексенбі, 19 ақпанда аяқтау жоспарланған.

"Қазіргі уақытта іздеу-құтқару жұмыстарына шамамен 13 мыңға жуық адам тартылған. Шетелден көмекке келгендерге шын жүректен алғыс айтқым келеді. 80 елден келген құтқарушылардың бір бөлігі еліне оралды", - деп Анадолы агенттігі AFAD басшысының сөзін келтіреді.

Айта кетсек, бүгін түнде Газиантеп қаласындағы қазақстандық құтқарушылардың бірінші эшелоны елге аман-есен оралды. ҚР ТЖМ құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері бар борт Алматы әуежайына қонды. Оларды қазақстандықтар, туыстары, достары мен әріптестері күтіп алды.