Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркиядағы апат аймағынан 78 отандасымыз оралды - СІМ

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2023
  • 653

Түркиядағы апат аймағынан 78 отандасымыз оралды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

«Түркияда қуатты жер сілкінісі орын алған сәттен бері Сыртқы істер министрлігіне шетелдегі мекеме арқылы 1,2 мыңнан астам отандасымыздан өтініш түсті. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде апат аймағында қалған 190-нан астам отандасымыздың тұрғылықты жері анықталды. Инфрақұрылымның бүлінгенін, тұрғын үйлердің апатты жағдайын немесе толықтай қирағанын ескере отырып, дипломаттарымыздың жәрдемімен отандастарымызды Анкара мен Ыстанбұл қалаларына, қауіпсіз жерге орналастыру үшін автобустар ұйымдастырылды. Ыстық тамақпен, тұрғылықты орынмен қамтамасыз етілді», - деді ол ведомствода өткен апталық брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, қаражаты қалмаған кейбір азаматтарымызға Қазақстанға дейін әуе билетін сатып алуға көмек көрсетілген.

«Отанына оралуға ниет танытқан апат аймағындағы 78 азаматымыз гуманитарлық әуе кемелерімен Астана және Алматы қалаларына ұшып келді. Дәл осы борттармен Қазақстанға Қырғызстанның 24 азаматы және отанына оралған қазақстандықтардың отбасы мүшесі саналатын Түркияның 5 азаматы жеткізілді», - деді Айбек Смадияров.