Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы аграрлық бизнес өкілдерімен кездесті

Былтыр егін бітік шығып, диқандар 23 миллион тоннаға жуық астық жинады. Ауыл шаруашылығы саласындағы өсім 9,1 процент. Сондай-ақ, майлы дақыл өсіретін егіс көлемі шамамен 4 есе ұлғайған. «Бұл оң нәтижеге еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қосып жүрген ауыл азаматтарының арқасында жеттік» деді Мемлекет басшысы аграрлық бизнес өкілдерімен өткен кездесуде. Қасым-Жомарт Тоқаев жиын барысында аграрлық саладағы түйткілдерді талқылап, экспорттық әлеуетті арттыру мәселелерін қозғады.