Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда шенеуніктер жолдарды жөндеуге бөлінген 2 млрд теңгені жымқырған

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2023
  • 1004

Қарағандыда жергілікті атқамінерлер қала ішіндегі жолдарды жөндеуге бөлінген 2 млрд теңгені жымқырған.

Коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері жол жөнделмей жатып құжатқа қол қойған. Осылайша бюджетке шығын келтірген.

Қызметтік мүмкіндігін асыра пайдаланып, аса ірі мөлшерде мемлекет қаржысын ысырап еткендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы