Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда заңсыз жұмыс істеген шетел азаматтары анықталды

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2023
  • 822

31 шетелдік құрылыс нысандарында, мал соятын ет павильондарында, жеңіл тағамдар дайындайтын орындар мен көкөніс, жеміс-жидек сататын дүңгіршектерде жұмыс істеген.

Олар «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында белгілі болды. Көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған азаматтардың үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

Тағы 6 шетелдік азамат елден шығарылды.