Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдық алаяқ өзін мұғаліммін деп таныстырып, оқушының телефонын ұрлап кетті

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2023
  • 1440

Оқиға Орал қаласындағы мектептің бірінде болған.

26 жастағы келіншек мектептің артқы есігінен кіріп, дәлізде өтіп бара жатқан 4-класс оқушысын тоқтатып, өзін мұғаліммін деп таныстырады.

Мектепте комиссия мүшелері жүргенін, дәлізде ұялы телефон ұстауға болмайтынын ескерткен күдікті кейін телефоныңды қайтарып беремін деп оқушының смартфонын алып қояды.

Алаяқтың әрекеті бейнежазбаға түсіп қалыпты. Күдікті ретінде 26 жастағы әйел ұсталды.

ҚР ҚК 190 бабы “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.