Олимпиада
ойындарының квалификациялық сынында Норвегиямен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске
жеткен Қазақстан хоккейшілері екі ұпайды иеленді. Скандинавтар
барынша қарсыласып баққанымен, голкипер Виталий Колесник олардан айласын асыра
білді. Екінші үзілістен кейін есеп 3:1 болып, Қазақстан жеңіске жақын тұрды.
Алайда, аяқ астынан жарақат алған қақпашы Колесниковты алмастырған Дмитрий
Мальгин аз уақыттың ішінде жанкүйерлерін қатты састырды. Қосымша берілген
уақыттың 31-секундында Брэндон Боченски командаға жеңіс сыйлады. Енді Қазақстан
құрамасы Франция командасымен кездесетін болады.