Русский Сайттың толық нұсқасы

Хоккейден Қазақстан құрамасы Норвегиямен өткізген квалификациялық ойындарда 2 ұпайды еншіледі

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2016
  • 2322

Олимпиада ойындарының квалификациялық сынында Норвегиямен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жеткен Қазақстан хоккейшілері екі ұпайды иеленді. Скандинавтар барынша қарсыласып баққанымен, голкипер Виталий Колесник олардан айласын асыра білді. Екінші үзілістен кейін есеп 3:1 болып, Қазақстан жеңіске жақын тұрды. Алайда, аяқ астынан жарақат алған қақпашы Колесниковты алмастырған Дмитрий Мальгин аз уақыттың ішінде жанкүйерлерін қатты састырды. Қосымша берілген уақыттың 31-секундында Брэндон Боченски командаға жеңіс сыйлады. Енді Қазақстан құрамасы Франция командасымен кездесетін болады.