Русский Сайттың толық нұсқасы

Шаруалар дизель отынынан тапшылық көрмейді, - Энергетика министрі

Биыл елімізде 23 миллион гектар аумаққа егін егіледі. Ол үшін диқандарға 140 миллиард теңге арзан несие мен 87 миллиард теңге субсидия қарастырылып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты. Оның сөзінше, осы жылы шаруалар жеңілдетілген дизель отынынан тапшылық көрмейді. Кәсіпкерлер 413 мың тоннадан астам арзан соляркамен қамтылады. Оның литрі 184 теңге болмақ.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, көктемгі егіске дайындық жұмысты күшейту қажет. Жеңілдікпен берілетін дизель отынын бөлу де ерекше бақылауда болуы тиіс. Алып-сату және қолдан жасалатын тапшылыққа жол бермеу керек. Бөлінген дизельді басқа жаққа жасырын сататын операторларға барынша қатаң шара қолдану керек.