Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 23 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстік-шығысында ғана жауын-шышынсыз ауа-райы сақталады.
ҚР бойынша көктайғақ болып, тұман түседі. Жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады.