Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-дағы тікұшақ апатынан тірі қалған екі адамның жағдайы қалай?

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2023
  • 1476

Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақ апатынан тірі қалған екі жолаушы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунова хабарлады.

Тікұшақ апатынан төрт адам опат болып, 62 және 36 жастағы екі ер адам зардап шеккен. Дәрігерлер тірі қалған екі жолаушының да бас пен мидың жабық жарақатын алғанын, миы шайқалғанын анықтады. Қазір олар қалалық көпбейінді аурухананың нейрохирургия бөліміне жатқызылған. Жағдайлары тұрақты.

Қайғылы оқиға Батыс Қазақстан облысында болған. Азаматтық авиация комитеті таратқан хабарламада тікұшақтың жерге қатты қонғаны, қатты екпінімен жерге соғылғаны айтылған.



ҚР ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов бұл тікұшақтың құтқару операциясына қатыспағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, "Қазавиақұтқару" тікұшағы БҚО аумағындағы магистральдық мұнай құбырын шолып, қарау кезінде апатқа ұшыраған.

Азаматтық авиация комитеті апаттан қаза тапқан азаматтардың туыстарына қайғырып, көңіл айтты.