Апатқа ұшыраған Ми-8 әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты 2022 жылы 3 мамырда берілген. Тікұшақ 2021 жылы шығарылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтың авиация комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду Ми-8 тікұшақ апатына байланысты шұғыл кеңес өткізді.
«Апатқа ұшыраған Ми-8 әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты 2022 жылы 3 мамырда берілді. Тікұшақ 2021 жылы 27 қаңтарда шығарылған. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Ми-8 типті әуе кемесін пайдаланатын әуе компаниялардың қызметіне жоспардан тыс инспекциялық тексерулер жүргізеді. Тексерулер нәтижелері бойынша жүйелі бұзушылықтар анықталған жағдайда ұшу қауіпсіздігінің барлық мәселелер шешілгенге дейін тиісті сертификаттар мен куәліктер тоқтатылады», - делінген жиын қорытындысы бойынша жарияланған хабарламада.