Қытайдың солтүстік-батысында жұма күні 3,0 және 3,1 магнитудасымен жер сілкінді. Бұл туралы Қытай сейсмология орталығы хабарлады.
Магнитудасы 3,0 жер сілкінісі Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі (ШҰАӨ) Ақсу округінде Бейжің уақытымен 10:45-те тіркелді. Ошағы10 км тереңдікте орналасқан.
Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында Бейжің уақытымен 11:44-те 3,1 магнитудасымен тағы бір тербеліс болды. Ошағы 10 км тереңдікте жатты.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ.
Қытай сейсмология орталығының мәліметі бойынша, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бері ҚХР аумағында магнитудасы 3,0 және одан жоғары 107 жер сілкінісі болған. Магнитудасы 6,1 болатын зілзала 30 қаңтарда ҚХР ШҰАӨ Ақсу округінде тіркелді.