Русский Сайттың толық нұсқасы

Алдағы үш күн Алматы өзендерінде су тасып, тауда қар көшкіні жүруі мүмкін

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2023
  • 1481

Ауа райының нашарлауына байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке қарағанда, 25-27 ақпан аралығында таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауып, қалың тұман түсіп, қөктайғақ болады.

Сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қар жылдам еріп, мұз әлсірейді және өзендерде су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін.

«Жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығы мен қалыңдығына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 24-25 ақпанда қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупіне байланысты қарлы тік жартастарға шығуға болмайды. Тауда абай болыңыздар»,- делінген ведомствоның хабарламасында.