Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттегі автобустарда енді кондуктор болмайды

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2023
  • 2061

2023 жылғы наурыздан бастап Шымкенттегі автобустарда кондукторсыз жүйе енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала тұрғындары жол ақысын валидаторлар, SMS және QR-код арқылы төлей алады.

Қолма-қол ақшамен төлеген кезде жүргізушіден чек талап етіңіз және оны шыққанға дейін сақтаңыз. Көлік картасымен, SMS немесе QR-код арқылы төлесеңіз, жол ақысы 70 теңге, ал қолма-қол 100 теңге болады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 622-бабының 2-тармағына сәйкес, қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден жалтару екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Сол себепті автобустарда үнемі рейдтік іс-шаралар өткізіледі.