Русский Сайттың толық нұсқасы

Нигериядағы сайлау жаппай тәртіпсіздікке ұласты

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2023
  • 1393
сурет: MICHELE SPATARI/AFP

Нигерияда парламент сайлауы кезінде жаппай тәртіпсіздік болды. Заң жүзінде сайлау қорытындысы сенбі күні түстен кейін жариялану керек еді. Бірақ ұйымдастыру қателіктері мен сайлау учаскелеріне жасалған шабуылдар салдарынан кей аудандарда дауыс беру жексенбі күні бірақ басталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

«Болып жатқан оқиғаны ескерсек, сайлау комиссиясының біліктілігіне күмән келеді. Бізге сайлауға дейін бәрі ретімен өтеді, ал нәтижесі электронды түрде беріледі деп айтқан болатын», - дейді саудагер Эмека Нвайянву.

Мұндай былыққа ұлттық валютаның дизайнының өзгергені де әсер етті: бұл инфляциямен күресу үшін жасалған амал еді, бірақ сайлау кезінде банктердегі хаосқа алып келді. Жаңа ақша сайлаушыларды сатып алу үшін пайдаланылады деген айыптаулар да кездеседі.

«Біз дауыс бергіміз келеді, бұл біздің азаматтық құқығымыз. Мұнда таңғы 7-ден бері тұрмыз, дауыс бермей ешқайда кетпейміз», - деді Йола тұрғыны Ахмед Яхья.

Нигерия сайлау комиссиясының басшысы болып жатқан оқиға үшін кешірім сұрап, мәселе шешілгенін, ал қауіпсіздік күшейтілгенін мәлімдеді. Дегенмен сайлау нәтижесі сәрсенбіден ерте жарияланбайтын тәрізді.