Елорданың 35 жастағы тұрғыны 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын арқалайтын болады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мефедрон психотроптық затын елордаға, еліміздің басқа өңірлеріне, оның ішінде Ақмола облысына аса ірі мөлшерде жеткізумен және сатумен айналысқан Астана тұрғынына қатысты жедел ақпарат алды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы, 3-бөлігі, 5-тармағымен сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Қоймашыны ұстаған кезде жедел қызметкерлер 30 пакетті тауып, тәркіледі. Олардың әрқайсысында 10-нан 30-ға дейін оралған есірткі заты болды», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.
Оның айтуынша, сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 843 грамм болатын мефедрон психотроптық заты екендігі анықталды. 35 жастағы астаналық есірткіні жасырын орынға қойып үлгермен.
«Сондай-ақ есірткімен күрес полицейлері күдіктінің ұялы телефонын тәркіледі. Онда есірткі заттарын сатуға қатысты куратормен хат алмасу және жасырын орындарға қою арқылы есірткі заттарын өткізу туралы фотоесеп бар. Күдікті қамауға алынды. Полицейлер қылмыстық іс-әрекеттің басқа қатысушыларын анықтау үшін жұмыс жалғастырып жатыр», - деді ведомство өкілі.