Русский Сайттың толық нұсқасы

Оқу аптасы 5 күнге созылады. Оқушы формасы бекітілді

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2016
  • 2366

Осы аптада Білім және ғылым министрі  Ерлан Сағадиевтің келер жылдан бірінші сынып бүлдіршіндерін бес күндік оқу жүйесіне ауыстырып, соңғы қоңырауды маусымда соғу туралы мәлімдемесі қоғамда қызу талқыланды. 

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

Қараңызшы! Біріншіден, баларымыздың білімді болғанын қалаймыз. Екіншіден бүгінгі жағдайда бәсекеге қабілетті болулары шарт. Көптеген еуропалық дамыған елдерде балалар 14 жыл оқитынын білесіздер. Әрбір бес жыл сайын, тіпті жыл сайын талап өзгеріп жатыр. Жұмыс істеу үшін оқуды ерте бастап, кеш тәмамдау керек. Біз оқу бағдарламасының мазмұн-мағынасын жаңартып жатырмыз. Яғни оқушының фунционалдық сауатын жетілдіріп, қажетсіз артық ақпаратты керісінше, қысқартамыз. Соның арқасында бес күндік жүйеге көшеміз.

Яғни, оқу бағдарламасы да реформаланады. Тек керек ақпарат, қажетке жарайтын мағлұмат береміз деп отыр. Қосымша демалыс күндері балаңызбен серуендейсің бе, бірге тіл үйреніп, жан-жақты жетілесіз бе, мархабат. Бес күндік жүйеге қыркүйекте бірінші сыныптар көшсе, 2019 жылға дейін сатылап барлығы бір ізге түседі. Соған сәйкес, орта және жоғарғы буын оқушыларының оқу процессі екі аптаға ұзармақ.

Тағы бір  жаңалық, оқушының жаңа киімі. Білім және ғылым министрлігі бірыңғай мектеп формасының үлгісін бекітті. Жақсылығы сол – барлығы отандық фабрикаларда тігілген. Отандық өнім ұсынылды, бірақ мәжбүрлеу жоқ. Мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитеті кеңесіп, бекітілген көп нұсқаның ішінен біреуін таңдап алады. Отандық фабрикалардың маталарды сырттан таситынын ескерсек, өнімдерінің қымбаттау болатыны рас. Сондықтан бұл жерде «патриотсың ба, жоқ па» деген әңгіме айтып, белден басуға болмайды.