Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Қытайға сапарын қорытындылады

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2016
  • 2417

Дағдарысқа қарсы күрестен Экономикалық дамуға! Үкіметтің ендігі міндеті осы. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қытайда өткен G-20 саммитінің қортындыларына арналған баспасөз мәслихатында осыны мәлімдеді. Айтуынша, 9 қыркүйекте өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысында жаңа міндеттер талқыланбақ. Мемлекет басшысы Қазақстанның индустрияландыру және инвестициялар тарту бағытында жұмсаған күш-жігері қайтарымды боларына сенімді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазір жұмыссыздықтың төменгі деңгейін сақтап, жаңа жұмыс орындарын ашуды ойластыру қажет, дағдарыспен күрестен экономикалық өсімге қадам басу керек. Біз 9 қыркүйекте өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы туралы айтатын боламыз.

Президент G-20 саммитіне осымен екінші рет қатысып отырғанын айтты. "Жаһандық экономика мен саясаттың салмақты мәселелері талқыланған ірі жиында ортақ ұстанымдар әзірленіп, Қазақстанның да көзқарасы ескерілді", - деді Елбасы. Саммитпен  қатар Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарын да қорытындылап өтті. Осы орайда барлық келісімдер мақұлданғанын айрықша атады. Нұрсұлтан Назарбаев Қашаған кен орны іске қосылған соң екі ел арасындағы ынтымақтастық одан әрі дами түседі деген ниетте.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА