Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде Астана күніне байланысты демалыс басқа күнге ауыстырылды

  • AstanaTV
  • 28 ақпан 2023
  • 1983

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "2023 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы" үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Демалыс күні 2023 жылғы 1 шілде сенбіден 2023 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылсын", – деп жазылған құжатта.

Министрліктің түсіндіруінше, демалыс күнін ауыстырудағы мақсат "демалыс күндерінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану.

Сонымен Қазақстан халқы Астана күні 2 күн қатарынан 6, 7 шілдеде демалады.

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндерге 8 және 9 шілдеде (сенбі және жексенбі) тағы екі демалыс күні қосылады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндерге жексенбіге бір демалыс күні қосылады.