Русский Сайттың толық нұсқасы

«Тауға апарып, өлтіреміз»: Алматыда ер адамды қарыздары үшін ұрлап кетті

Алматы тұрғынын көліктің жүксалғышына салып ұрлап кетті. Абырой болғанда, полиция қызметкерлері дер кезінде қылмыстың алдын алды. Оқиға қаланың қақ ортасындағы Алмалы ауданында болған. Жедел басқару орталығынан Chevrolet маркалі автокөлігіне ер адамды күштеп отырғызғаны туралы хабарлама түсті. Қала бойынша арнайы тосқауыл жоспары енгізілді.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен үйдің алдына келіп, парковаться етіп жатқанымда, тереземді екі жігіт ашты да, сосын түскеннен кейін сразу үш жігіт болып сразу багажникті ашып, өз машинама кіргізіп, қазір сені тауға апарамыз, өлтіреміз, қырамыз-жоямыз, көмеміз деп телефонымды тартып алды.

Ұсталғандар бұл әрекеттерін көлік иесі оларды ірі мөлшердегі сомаға алдағанымен байланыстырады. Олар қарызды осылайша қайтарып алмақшы болған.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Ізіне түсу нәтижесінде көлікті екі экипаж Мақатаев және Жетісу көшелерінің қиылысында жауып тастады. Салонда үш адам болған. Олар ұсталды. Күдіктілер жедел тергеу орталығына тапсырылды. Олардың әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.