Ақтөбе облысында су алу қаупі бар деп 12 аумақ белгіленген. Селден сақтану үшін өзен-көлдердің жағалауы топырақ үйінділерімен коршалған. Барлық арна-арық аршылып жатыр. Қауіпті аймақтарға қажетті материалдар жеткізілген. Жыл сайын көктемде саяжай тұрғындары әбігерге түседі. Биыл да Жіңішке өзені маңында тұратындар суға кетеміз бе деп қауіптеніп отыр.
Ажар СӘДУАҚАСОВА, ТҰРҒЫН:
Қорқып отырмыз. Осы жылы кетемізбе деп Үлкен қауіп бар. Құм септі. Құм көмектеспейді. Екі минутта шайылатын нәрсе. Судың екпіні қатты болғандықтан ол қарамайды құмға.
Өңірде биыл қар қалың. Қазір қаланың өзінен 200 мың кубтан астам қар шығарылған. Қар тазалау жұмыстары әлі де жалғасуда. Күн күрт жылынса, тасқынның қаупі жоғары дейді мамандар.
Құмар ТҰРМАҒАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
Ауа райына сенім жоқ.Аяқ астынан күн еріп кетіп жатса, дәл былтырғыдай су ағуы мүмкін. Себебі тонның тереңдігі қалың, сонымен қатар қарда ылғал қоры жоғары және былтырға қарағанда қазіргі уақытта қардың жамылғы биіктігі қалың.