Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте білім басқармасы мектеп асханаларын заңсыз тексерген

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2023
  • 880

Шымкент қаласының білім басқармасы мектеп асханаларына ешбір негізсіз тексеріс жүргізген,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.

Балаларға ыстық тамақ әзірлеушілердің әрекетін бақылау мектептер жанындағы арнайы комиссияларға жүктелгеніне қарамастан бұл іске басқарманың лауазымды тұлғалары мен әдіскерлері араласқан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің анықтауынша, білім басқармасының бұйрығымен мектеп асханаларын жалға алушылар жұмысына 100-ге жуық тексеру жүргізілген.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау мақсатында білім басқарманың асханаларға мониторинг жасау туралы бұйрықтарының күші жойылды.