Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы әскери институтта курсант өлі табылды

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2023
  • 1407

Құрлық әскерлері Әскери институты оқу орталығының қарауылдық постында 1 курс курсанты өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды.

Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.